Ләйлә Сұлтанқызы үшінші рет сәбилі болуға қатысты пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы соңғы уақытта эко-орталықта бала көтере алмай жүрген әйелдерге тегін көмек көрсетумен айналысуда. Сұлтанқызы "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында бұл іске қалай келгенін және өзінің де болашақта үшінші рет балалы болуды армандайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анам "Сардардан кейін бала босанып ал" деді. Содан мен карантиннің алдында, соңғы 4-5 жылда эко-орталыққа өте көп бардым. Оған барудың бірнеше себебі бар, оны айтпай-ақ қояйыншы. Сол жерде көп отбасыны көрдім. Бір кабинеттен бір отбасы көңілді болып шығады. Бір кабинетте бір отбасы жылап отырады. Мен соны көргеннен кейін эко-орталықтың басшысымен сөйлестім. Бізде квотаға ілікпей қалған қанша қыз-келіншек бар.

Маған қатты әсер еткені - ер адамдардың күйі. Оларды эко-орталыққа алып барудың өзі қиын. "Жүрші" деп алып бара алмайтын, көндіре алмайтын әйелдер бар. Көбісі көзілдірік киіп, еңкейіп өтіп кетуге тырысады. Ажырасып кете алмайды, жақсы көреді. 20 жасында бедеулік диагнозы қойылғандар бар. Содан "тегін эко жасап берейікші" деген ұсыныс айттым, Байқошқарова келісімін берді. Сөйтіп 500 келіншектің ішінен төртеуін таңдадық. Олардың үшеуі гендер-пати өткізді.

Осындай нәрседен кейін маған "Ләйлә, біз сауапты іс жасағымыз келеді. Көмектесейік" деп, адамдар өздері келеді. Маған да 400 әйелдің ішінен біреуін таңдау қиын. Оны дәрігерлер таңдайды", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар тележүргізуші өзі де үшінші баланы дүниеге әкелуді армандайтынын жеткізді.

"Өзім барып жүргеннен кейін, басымнан өткеннен кейін мен оларды түсінемін. Қазір де мысалы үшінші баланы дүниеге әкелуді армандаймын. Бірақ білем ғой, жасым 45-ке келді. Аналық ұрықтың саны мен сапасының төмен екенін білем. Оны қабылдау керек екендігін де білем. Бірақ үміт деген қандай нәрсе екенін білесіз ғой. Ол өшпейді.

Мен барлық ана қандай жолмен болса да балалы болғанын қалаймын. Эко жасату арқылы ма, донорлық клетка арқылы ма - бәрін пайдалану керек. Менде бір-ақ рет ондай мәселе болды. Ондайды есту де қиын екен. Бірақ дәрігерлерге айту - міндет. Қазір аналық ұрықты жинау этапындамын. Төртеу-бесеуі жиналған кезде қайта барамын", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995238-laila-sultanqyzy-usinsi-ret-sabili-boluga-qatysty-pikir-bildirdi-video/