Ләйлә Сұлтанқызы ұлдары мен күйеуінің бұрынғы балалары жайлы айтты (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлдары мен күйеуінің бірінші отбасындағы балалары жайлы айтып берді. Сұлтанқызы "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында отбасы туралы жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үлкенім Сағадат 16-ға толады. Ол бауырмал, нағашы жұртын да, бауырларының балаларын да іздеп тұрады. Сағадат туыстарын түгендеп тұрады. Бұл жағы әкесіне ұқсаған. Әкесі сондай адам.

Екінші балам Сардар тұйықтау. Мінезі қиын деп айтпаймын, бірақ ауырлау. Ауырлығы да сол, оның ішіндегіні табу өте қиын. Оның қалауын табу қиын. Оның қалауын таппай қалған жағдайда түрімен де, ісімен де білдірмейді. Жай ғана сөйлемей қоя салады. Бас салып бетке айту, "сіздікі дұрыс емес" деу жоқ. Ал үлкенім керісінше, айта береді", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар тележүргізуші күйеуінің бұрынғы отбасындағы балалары жайлы айтты.

"Қайраттың алдыңғы отбасынан балаларымның екі туған ағасы және әпкесі бар. Ол балаларының алды 35-37-ге келіп қалған жігіттер. Қайрат бес баласын күнделікті түгендеп отыруы мүмкін. Қызы жақында тұрмысқа шықты, сирек мазалайтын шығар. Жағдайын біліп, немерелерінің жайын біліп отырады. Қайрат туған туысқандарына өте бауырмал.

Менің балаларым да көпбалалы отбасыдан шыққан сияқты. Әкесі үнемі "Ағаларыңнан сұра" деп айтып отырады", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995336-laila-sultanqyzy-uldary-men-kuieuinin-buryngy-balalary-zaily-aitty-video/