Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздарымды бауырына басты": Абай Бегей қазіргі әйеліне алғысын білдірді (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей жұбайымен
Абай Бегей жұбайымен. Фото: instagram.com/abai_begei

Бүгінгі таңда 6 баланың әкесі атанып үлгерген Абай Бегей екінші рет отбасы құруға қорыққанын "1001 түн" бағдарламасында жасырмай айтты. Әншіні қазіргі әйелі мен балалары бір-бірін қалай қабылдайтыны көп уайымдатқан. Абай Бегей қазіргі жұбайы Фаризаға алғыс білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің айтуынша, ол өзінен 16 жас кіші жұбайы Фаризамен отау құрған күні қыздарын Ақтауға апарып тастаған.

"Басымнан қиын кезеңдерді бастан өткердім. Қостанайда беташарда таныстық. Фариза сол жерге қыз жолдас болып келді. Екеуміз жарты жылдан кейін үйленуге шешім қабылдадық. Бірақ енді мен жас жігіт емеспін, 4 балам бар. Ол енді жас қыз, тұрмысқа шықпаған.

Менің риза болатыным, кішкентай екі қызымды бауырына басты. Әмина да, Сымбат та кішкентай болды ғой. Ұлым Жалғас түсінді. Ақтаудағы Ерке қызым басында қарсы болды. Әйеліме риза болатыным, сол екі қызды бауырына басты.

Мен үйленген кезде қыздар Ақтауда болды. Ініме "Қыздарды қыдыртып кел. Әлеуметтік желіні көріп қоймасын" деп айттым. Сол күні телефоны суға түсіп кетіп, олар біздің тойды көре алмапты.

Ертесіне көрші әйелдер "Папаң үйленіп жатыр" деп айтып қойыпты. Сымбат қызым ертесіне жылап, "Папа, үйленіп жатсың ба?" деп телефон соқты. Мен иә деп те, жоқ деп те айта алмадым. Ақтауға ұшып барып, қыздарды алып келдім", - деді әнші.

Абай Бегей отбасын құрған сәтте жұбайы қыздарына ұрысады деп қорыққанын да жасырмады.

"Қазір 5 жыл болды, қыздарға бір ұрысқанын көрмедім. "Өгей ана" деп айтады ғой, басында "Мен жұмыста кезде не істейді?" деген қорқыныш болды. Біз үйде көп ағайындымыз, үйге апамның қызы мен ағамның баласы оқуға келді. Ұрысып қалмаса екен деп, құлақ салып қараймын ғой. Бірақ әлі күнге ондайды көрмедім. Сондықтан Фаризаны сыйлаймын", - деп ағынан жарылды Абай Бегей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995370-qyzdarymdy-bauyryna-basty-abai-begei-qazirgi-aieline-algysyn-bildirdi-video/

pixel