Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова көзіне ота жасатты (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Алматыда көзіне ота жасатты. Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір, екінші көзіме де бүгін ота жасады. Отадан кейін шәй ішуге келіп отырмын", - деді Мақпал Жүнісова.

Әнші видеода қызы Мерейге алғысын білдірді. Жүнісованың айтуынша, Мерей анасын отаға алып келген.

"Мерей қызыма көп рахмет. Анасын отаға алып келіп, алып кетті. Тамағымды пісіріп, үйімді жинады. Ой, жарығым сол! Сүйгеніңе қосыл! Бақытты бол! Ғұмырлы бол", - деді әнші видеода.

Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова қызы Мерейді қалай тәрбиелейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995381-maqpal-zunisova-kozine-ota-zasatty-video/

pixel