Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Естісе, маған ренжуі мүмкін": Нұрлан Албан әріптесі Ақбота Керімбекованы марапаттауды ұсынды (видео)

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: instagram.com/botakerim

Әнші Нұрлан Албан өнердегі әріптесі Ақбота Керімбековаға атақ беруді сұрап, Facebook парақшасында видео жариялады. Өнер иесі Керімбекованың сахнада жүргеніне 35 жыл болса да, еш атақ алмағанына наразылығын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өткен қазан айында Республика күні ұлттық мереке болып қайта оралды. Осы мереке қарсаңында сан түрлі маман мемлекет тарапынан мақтаулар мен мадақтар алды. Қаншама кеудеге орден мен медаль тағылды.

Біздің өнер сапында да біраз бауырымыз марапатқа ие болды, шын жүректен құттықтаймын. "Өзіне атақ алғысы келіп жатыр ма?" деп ойлап қалмаңыз. Ондай пысықайлар бар ғой. Маған ел-жұрт аман болып, бала-шағам жанымда жүрсе болды.

Менің бүгінгі айтқым келгені, әнші, қазақ ән өнерінің өкілі Ақбота Керімбекова жайлы. Мен алдын ала Ақботадан кешірім сұраймын. Оның сол қатарда болмағаны менің ішімді ашытты. Желтоқсан айында Ақбота концерт береді. Жарнамада "Өнерде жүргеніме 25 жыл" депті. Бірақ менің білуімше, Ақботаның өнерде жүргеніне 25 емес, 35 жыл. Өйткені мен оны бала кезінен бастап білемін. Институтта бірге оқыдық, театрда бірге қызмет істедік. Бүгінгі күні сахнада бірге жүрміз. Неге біз сол Ақботадай қазақтың әнші қыздарын елеп-ескермейміз?", - деді Нұрлан Албан.

Сондай-ақ әнші Ақбота Керімбекованың ешкімнен атақ сұрамайтын ер мінезі барын да атап өтті.

"Білуімше, оның себебі, атақ-дәреже алу үшін сен бір ұйымда, мәдениет ошағында тіркеуде болуың керек. Қызмет ету керексің. Ақбота өзімен өзі еркіндікте жүрген әнші. Қаншама әндері қазақ аудиториясының жүрегінен орын тапқанын сіз бен біз жақсы білеміз.

Ал енді Ақботаның өзі "Маған атақ беріңдер, марапат беріңдер" дейтін адамдар қатарынан емес. "Тисе терекке, тимесе бұтаққа" дейтін қыз. Сол себепті осыны кімге айтарымды білмеймін. Жоғары жақта отырған аға-апалар, менің шенді бауырларым, осыны қалай істеуге болады? Ән өнерінде жүргеніне 35 жыл болса да, ең кемі мемлекет тарапынан елеп ескерілмегеніне, марапат берілмейтініне не істеуге болады?

Ақботаның қаншалықты тұғыры биік әнші екенін көзі қырақты көрермен жақсы біледі. Енді осыны жоғары жаққа қалай жеткізсем болады? Мен Ақботадан кешірім сұраймын. Бұл оның тапсырмасы емес. Осыны көріп, естісе маған ренжіп, ашулануы мүмкін. Мұның шешімі бар ма?", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995407-estise-magan-renzui-mumkin-nurlan-alban-ariptesi-aqbota-kerimbekovany-marapattaudy-usyndy-video/

pixel