Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілімнің аяғы ауыр келіншегі әсерлі видеоны бөлісті (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім жұбайымен
Тәуекел Мүсілім жұбайымен: instagram.com/mussilim

Актер Тәуекел Мүсілім жақында екінші рет әке атанбақ. Бұл жаңалықты оның жұбайы Instagram парақшасында әсерлі видео арқылы жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, Тәуекелдің әйелі Махаббат аяғының ауыр екенін биылғы жылдың жазында хабарлаған болатын.

Актердің жұбайы видео астына "1+1=4", - деп жазып қойды.

Ал желі қолданушылары Тәуекел Мүсілімнің отбасын жағымды жаңалығымен құттықтап, лебіздерін білдірген.

"Бақытты болыңыздар", "Аман-есен босанып алыңыз", "Құттықтаймыз", "Екінші бөпе аман-есен өмірге келсін", "Балақайды бауырларыңызға алуды бұйыртсын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995709-tauekel-musilimnin-ayagy-auyr-kelinsegi-aserli-videony-bolisti-video/

pixel