Ресейлік блогер Алматыда жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды (видео)

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: pexels.com

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Instagram желісіндегі Astana_sergek паблигінде жол ережесін бұзған жас жігіттің видеосы жарияланған болатын. Видеода ол көлігін қоюға болмайтын жерге қойып, жол ережесін бұзғанын, сол үшін көліктің нөмірін полиция тәркілеп алғанын жазған. Блогер "рахметін" беріп, нөмірімді қайтарып алып, барлық проблеманы шештім", дейді видеода.

Аталған жайт тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 601-бабы 1-бөлігі,596-бабы 2-бөлігі және 591-бабы 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995739-reseilik-bloger-almatyda-zol-erezesin-buzgany-usin-zauapqa-tartyldy-video/