Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жуырда некесі қиылған Төреғалидің кенже қарындасы үнді стилінде hen party өткізді

Опубликовано:

Төреғали Төреәлінің қарындасы
Төреғали Төреәлінің қарындасы. Фото: instagram.com/tattti_kyz

Әнші Төреғали Төреәлінің сүйіктісімен мұсылманша неке қидырған кенже қарындасы hen party өткізді. Дина Төреәлі сауық кешінен естелік суреттер мен видеоны Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үш ай кездескен сүйіктісіне тұрмысқа шыққан әншінің қарындасы құрбыларымен көңілді кеш өткізген.

"Қош бол, қарбалас, алаңсыз бойдақ өмірім! Бәрі тамаша болды. Енді менің өмірімде жаңа тарау басталмақ. Енді одан да жарқын болады", - деп жазды Дина Төреәлі.

Желі қолданушылары әншінің қарындасына ақ тілектерін жаудырды.

"Бақытты бол", "Бағың ашылсын", "Бармақтай бақ берсін", - деп жазды желі қолданушылары.

Дина Төреәлі осыдан бірнеше күн бұрын сүйіктісімен мұсылманша неке қидырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996221-zuyrda-nekesi-qiylgan-toregalidin-kense-qaryndasy-undi-stilinde-hen-party-otkizdi/

pixel