Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шешуге мәжбүр болдым": Ақын Құрманай Бақтиярқызы неліктен қайта орамал таққанын айтты

Опубликовано:

Құрманай Бақтиярқызы
Құрманай Бақтиярқызы: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy

Ақын Құрманай Бақтиярқызы жақында шығармашылық кешін өткізбекші. Ол кешке дайындығы мен жеке өміріндегі өзгерістерін KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат барысында айтып берді.

- Құрманай ханым әңгімені шығармашылық кештің ерекшелігінен бастайықшы.

- Алматыдағы шығармашылық кешім "Алматының түндері-ай" деп аталады. Бірақ ол кешке Қайрат Нұртас келе алмайды. Себебі, шетелде болады. Концерттің басты ерекшелігі сол, бұл кешке Қайрат өзі қатыспаса да, Қайраттың әкесі қатысады. Кештің соңында “Алматының түндер-ай” әнін Нұртас Айдарбековпен бірге орындаймыз. Одан бөлек кешті “Келінжан” телехикаясындағы Айсара мен Қылышбек жүргізеді.

- Неліктен бұл екі актерді кеш жүргізушісі ретінде таңдадыңыз?

- Кейбіреулер хайп деп ойлап жүрген шығар. Бірақ Дариға мен Рүстем бұрыннан келе жатқан достарым.

- Бұл кеште өткізудегі басты мақсатыңыз қандай?

- 25-ке жуық әнші, 50 хит айтылады. Бірақ бұл кештің басты мақсаты халықты поэзиямен сусындату. Басты мақсатым - рухани демалыс ұсынып, сөз ләззатына бөлеу.

- Орамал тағуды бастаған екенсіз. Жалпы орамалға келуде қорқыныш болмады ма?

- Күйеуім Еркінбек Алла жолындағы діндар азамат. Сол кісі намаз оқып, сақал қойған еді. Оның қасында жүруге ұялғандықтан, мен орамал тақтым. Ашығын айтқанда, Алла разылығы үшін емес, күйеуім үшін жабық киініп, орамал тақтым. Әрине, ол кезде іштей үлкен қорқыныш болды. "Кім не дейді?", "Қалай қабылдайды?" деген сұрақтар үшін уайымдайтын едім. Кейін Астанаға көшкенде орамалды шешуге мәжбүр болдым. Себебі, телеарна мен жобалар қарсы болды.

- Содан қайтадан орамалды шешіп, бұрынғы Құрманай қалпына түстім. Кейін Алла шақырып, Меккеге бардым. Сол кезде бұл өмірдің жалғандығын толық сезіндім. Қажылық қабыл болды деген сөз - орамалды шешпей, құлшылықты үзбей жүру. Қажылық қабыл болмағандар орамалды шешіп, Алланы танып-біліп жүре береді. Кімнің күнәсі кешіріліп, кімнің мәртебесін көтеретінін Алланың өзі біледі. Сол қажылықтан кейін орамалымды Алла разылығы үшін тарттым. Енді "Алла шешпесін" деп дұға етемін.

- Шәкірт тәрбиелеуге ниетіңіз бар ма? Құрманайдың шәкірттерін кешіңізде көре аламыз ба?

- Ақындық - қанмен беріледі. Ақындықты тәрбиелеу жоспарымда жоқ. Менің құнды сөздерімді айтып жүрген адамдардың бәрін шәкірт есептеймін. Менің қалай сөйлейтінімді, басқарып жүрген методикамды қолданып жүргендердің бәрі шәкіртім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996335-sesuge-mazbur-boldym-aqyn-qurmanai-baqtiyarqyzy-nelikten-qaita-oramal-taqqanyn-aitty/

pixel