Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шәріп Серік шашын не үшін тақырлап алып тастағанын айтты (видео)

Опубликовано:

Шәріп Серік
Шәріп Серік. Фото: instagram.com/shakentii

Отандық актер Шәріп Серік "Түнгі студия" бағдарламасында жаңа телехикаяның түсірілімі үшін шашын толық тақырлап алып тастағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актер киноқоржыны тағы бір телехикаямен толығып жатқанын жеткізді.

"Жаңа жобаға түсіп жатқандықтан, шашымды алып тастадым. Драма жанрындағы жаңа телехикая болады. Бұл жетім балалар туралы туынды.

Мен ол жерде жетім баланың рөлін сомдаймын. Ол 14 жыл балалар үйінде өседі. 13 жыл түрмеде отырып шығады. Қазір түсірілім басталып кетті. Телехикая көктемде көрерменге ұсынылады. Бірақ телеарнадан емес, YouTube желісінен көрсетіледі", - деді Шәріп Серік.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шәріп Серік Say Mo лақап атымен танымал қазақстандық рэп орындаушы Мөлдір Есембекпен екі жыл бірге тұрге тұрған. Қазіргі таңда ажырасып кеткен өнер иесі анасының мұндай келінге дайын болмағанын айтқан болатын.

Сондай-ақ Шәріп Серік Мөлдірге еш реніші жоғын жеткізді.

Кейінірек актер болашақ жарына қандай талаптар қоятынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996408-sarip-serik-sasyn-ne-usin-taqyrlap-alyp-tastaganyn-aitty-video/

pixel