Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы концертінде қазақша сөйлеген Филипп Киркоров көпшілікті таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Филипп Киркоров
Филипп Киркоров. Фото: instagram.com/fkirkorov

Астанада өткен концертінде ресейлік әнші Филипп Киркоров қазақстандықтарға қазақ тілінде сәлем жолдап таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кеш жарық, қадірменді көрермендер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Мен өзім бірнеше рет келген елдің тілінде сөйлегім келді. Бұл мен үшін өте үлкен құрмет. Осындай үлкен залда сіздермен бірге болу мен үшін мәртебе", - деді ресейлік әртіс.

Желі қолданушылары ресейлік әншінің сөздері түсініксіз шыққанын айтты. Алайда олар Киркоровтың қазақша сөйлеуге тырысқаны үшін алғыс білдірді.

"Нағыз шоу болды", "Рахмет, концерт керемет өтті", "Қазақ тілінде сөйлеуге тырысқаныңыз үшін алғыс", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, продюсер Алуа Қонарова Астанада өтетін Филипп Киркоровтың концертіне өз қарсылығын білдірген болатын.

Филлип Киркоровтың елордадағы кеші 5 қараша күні өтсе, Алматы қаласындағы концерті 7 қараша күні болған. Тикетон сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, билеттердің ең максималды бағасы - 80 мың теңгені құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996417-astanadagy-koncertinde-qazaqsa-soilegen-filipp-kirkorov-kopsilikti-tangaldyrdy-video/

pixel