Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова тылсым күштің барына сенетінін айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекова өмірде тылсым күштің барына сенетінін айтты. Әнші жеке сұлулық салонындағы қыздарының қызық жайттың бірнеше рет куәсі болғанын Instagram желісінде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, тіл-көз бен әруаққа, дуа мен сиқырға, елеске сенетінін оқырмандарынан жасырмады.

"Тіл-көз тию жоқ. Әруақ жоқ. Дуа жоқ. Елес жоқ. Сиқыр жоқ" деп тылсым күш барына сенбейтіндерге айтарым, олар жоқ болса, бұл сөздер қайдан шықты? "Жазира" салонының қыздары бұрынғы ғимараттан осыған байланысты бірнеше таңқаларлық көріністер көрді.

Елес көрген адамды "жақындары есі дұрыс емес" деп ауруханаға апарып тастағанын естіп осы жазбаны ұят болса да шығардым. Тылсым күштердің барына сенесіз бе,сенбейсіз ба?", - деп оқырмандарына сауал тастады әнші.

Ал желі қолданушыларының әншінің жазбасына қатысты пікірі екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі тылысм дүниеге сенетінін, тіпті куәгері болғандарын жазды.

"Мен сенемін. Түсінгенім, дәретпен жүру керек", "Мен де сенемін. Жүре бара бойың үйреніп кетеді екен", "Біздің жұмыста бар. Сондықтан сенемін", "Көз тиеді. Сөз қоймайды", - деді желідегілердің бір бөлігі.

Ал әншінің оқырмандарының кейбірі мұндай дүниеге сенбейтінін жеткізген.

"Ешқашан сенбегенмін", "Сиқыр жоқ шығар енді", "Ондай нәрсе болмайды. Адамды әруақ мазаламайды", - деп жазды желідегілердің кейбірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996591-zazira-baiyrbekova-tylsym-kustin-baryna-senetinin-aitty/

pixel