Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Айжанова: Ауыл балалары анау-мынау қиыншылыққа мойымайды (видео)

Опубликовано:

Жанар Айжанова
Жанар Айжанова. Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova

Отандық актриса Жанар Айжанова ауыл балаларының қиыншылыққа төзімді келетінін айтты. Актриса "Түнгі студия" бағдарламасында қалаға бір пакетпен келіп, әрқайсысы бір жердің тұтқасын ұстап отырған ауыл балаларының әлі қазақилығын жоғалтпағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса бағдарлама барысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін кітап жазып жүргенін жпткізді. Жанар Айжанова кітабына өз тағдырын арқау ете отырып, жастарға мотивация бергісі келетінін сөз етті.

"Адамда тағдыр деген болады. Өзім көңілді, көп нәрсені сыртқа білдірмейтін, қиыншылыққа уақытша деп қарайтын, "шаршадым" деген адамды ұнатпайтын адаммын. Өзім де шаршағанымды білдірмеймін. Мен кітабымда тағдырымды араластыра отырып, жастарға мотивация бергім келеді. Кімге сендім? Кім көмектесті?

Адамның басына бір кішкене қиыншылық түскен кезде ұқыпты әйелдің мұртын балта шаппайды. Өйткені ол үнемдеуді біледі. "Әйелің жебір болса, үйің кебір келеді" дейді. Өз-өзіне сенетін адам өмірдің кез келген қиыншылығанан шығады. Қалай жайнап жүрсем де, өмірдің маған дайындаған тосын сыйы жеткілікті", - деді Жанар Айжанова.

Актрисаның айтуынша, қазіргі заманда адамдар "жалғыз бала" деп баланы дайын асқа тік қасық қылып өсірудеміз.

"Екі құрбақа қаймаққа түсіп кетіпті. Содан біреуі "біттім" деп, өліп кетіпті. Екіншісі жүре береді, жүре береді. Қаймақ майға айналып, суы бөлінеді. Сөйтіп бір құрбақа секіріп шығыпты. Сонда құрбақа құрлы жоқпыз ба? Осының барлығы біздің қиыншылық көрмей, "Жалғыз бала" деп, дайын асқа тік қасық қылғанымыздан, әбден құтыртып жібергенбіз. Көрер едім, басынан күн өтіп, табанына тас батып жатса.

Негізі қалада "бүйректен сирақ шығарып", жыбырлап жүргендер - ауылдан келген балалар. Өйткені олар барлығынан өткен. Олар анау-мынау қиыншылыққа мойымайды. Оларды ауылда әкесі мен шешесі, атажы мен әжесі, көршісі жұмсаған. Бәрінің батасын алып, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсеткен. Дымсыз бір пакетпен қалаға келіп, әрқайсысы әр жердің тұтқасын ұстап отыр. Бірақ сол балалар әлі қазақилығын жоғалтқан жоқ", - деді Жанар Айжанова.

Айта кетейік, Жанар Айжанова Пусандағы кинофестивальде "Үздік әйел рөлі" номинациясында бақ сынаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996772-zanar-aizanova-auyl-balalary-anau-mynau-qiynsylyqqa-moiymaidy-video/

pixel