Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 мың доллар": Тәуекел Мүсілім өміріндегі ең жоғары гонорарды не үшін алғанын айтты

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Тәуекел Мүсілім. Фото: instagram.com/mussilim

Актер Тәуекел Мүсілім көпшілікке отандық фильмдер арқылы жақсы таныс. Келбетті өнер иесінің осы уақытқа дейінгі ең жоғары гонорары 20 мың доллар. Алайда ол қомақты қаламақыны киноға түкені үшін алмаған. Бұл туралы ол KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат барысында айтып берді.

Актердің айтуынша, кино әлемінде қомақты гонорар алу мүмкін емес. Алайда Тәуекел ең үлкен гонорарды жарнамадан алған.

"Кино әлемінен соншалықты қомақты гонорар алу мүмкін емес. Есесіне, бұл саладан танымалдылық пен табыс әкелетін брендті қалыптастыруға болады. Ал ең үлкен гонорарды жарнамадан алған едім. Сусабынды жарнамалап, 20 мың доллар алдым", - деп бөлісті актер.

Одан бөлек, ол шығармашылығындағы жаңалықтары туралы да айтты. Айтуынша, бүгінде актер жаңа фильмнің түсірілімінде жүр. Өнер иесі фильм трейлерін парақшасына салып та үлгерген.

"Ол жобада Асқар есімді басты рөлді сомдаймын. Жанры экшн-боевик. Елімізде осыған дейін бұл бағытта фильм түсірілмеген десем де болады", - дейді актер.

Естеріңізге сала кетейік, жақында екінші рет әке атанған актер жұбайы мен ұлын перзентханадан шығарып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997002-20-myn-dollar-tauekel-musilim-en-zogary-gonorardy-ne-usin-alganyn-aitty/

pixel