Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек әншісі Атхамбек Юлдашев Қызылордадағы тойда халыққа ақшадан шашу шашты (видео)

Опубликовано:

Атхамбек Юлдашев
Атхамбек Юлдашев. Фото: instagram.com/athambek_yuldashev_official

Көпшілікке "Анама" деген әнімен кеңінен танылған өзбек әншісі Атхамбек Юлдашев тойда ақшадан шашу шашты. Қызылорда өңіріне тойға келген әншінің әрекеті әлеуметтік желіге тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші видеода "Тойға шашу шашпаса болмайды", - деп бір бума қағаз ақшаны мейрамхана ортасына шашады. Ал той қонақтары шашуды жарыса жинады.

Видеоға сүйенсек, Юлдашев ақша шашқан той Қызылорда қаласында өткен.

Видеода асаба манты пісіретін ыдысты әншіге ұстатып, "Қасқанды Атхамбек ағама бере берейін бе, Қызылорда?", - деп айқайлайды.

Айта кетейік, әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларының көңілінен шықпаған.

"Ақшаны бұлай шашқанша, жетім-жесірге берсе, сауап алар еді", "Науқас балаларға таратса ғой", "Ақшасы болғасын шашады", - деп жазды желідегілер.

Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында Юлдашевті жақтағандар да табылды. Олардің өзбек халқының тойда ақша шашу әдеті екенін жеткізді.

"Өзбектің жомартына кездескен екен тойға барған қауым", "Өзбек халқы тойда ақша шаша береді. Сөкпеңіздер", "Қайдан білесіздер, қайырымдылықты көрсетпей жасап жүрген шығар?", "Осы кісінің әндері керемет", "Өте ақкөңіл азамат екен", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997030-ozbek-ansisi-atxambek-yuldasev-qyzylordadagy-toida-xalyqqa-aqsadan-sasu-sasty-video/

pixel