Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал отандық актриса өзінен он жас кіші жігітке тұрмысқа шықты (видео)

Опубликовано:

Гүлбаһрам Байбосынова жұбайымен
Гүлбаһрам Байбосынова жұбайымен. Скриншот: instagram/gulbakhram_akhat

Алматыда белгілі актриса Гүлбаһрам Байбосынова мен талантты жас актер Қазбек Төкен шаңырақ көтерді. Екі жастың үйлену тойы танымал өнер жұлдыздарының арасында дүркіреп өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлбаһрам мен Қазбек Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында бірге жұмыс істейді. Екеуі "Қызыл орамалды шынарым" спектаклінде басты рөлде ойнаған.

"Бүгін Алланың қалауымен үлкен қадам жасадық. Өмірдің ызғары мен ыстығына өзіңізбен бірге шыдауға дайынмын Ин шә Алла. Толыққанды бақыттың егесі болып, сол үлкен бақыттың бесігінде тербеліп және оның екі дүниеде де жалғасуын тілеймін. Алла разылығы үшін жақсы көремін сізді", - деп жазды актер Қазбек Төлен.

Гүлбаһрам жұбайы Қазбектен он жасқа үлкен. Жас айырмашылығы екі жастың махаббатына еш кедергі болмаған.

Еске сала кетейік, Гүлбаһрам Байбосынова отандық телехикаялар мен фильмдерге жиі шақырту алады. Ол қалың көрерменге "Қара шаңырақ" сериалы арқылы танылған болатын.

Актрисаны өнердегі құрбысы Салтанат Бақаева сыңсу әнімен шығарып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997146-tanymal-otandyq-aktrisa-ozinen-on-zas-kisi-zigitke-turmysqa-syqty-video/

pixel