Нұрболат Абдуллинді сүйген тыңдарманы інісін сахнада ұмытып кетті (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин қазіргі таңда еліміздің түпкір-түпкірінде жеке концертін өткізуде. Әншінің Павлодарда өткен кезекші кешінде Нұрболат Абдуллинге сыйлық ұсынған ару інісін сахнада ұмытып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бетінен сүйген тыңдарманы жайлы әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.

"Мені сүйіп, інісін ұмытып кеткені қалай болды? Бірнәрсе айтқалы жатқан шығар деп ойладым. Кереку рахмет", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары бойжеткеннің әрекетіне әртүрлі баға берген.

"Құлағыңызға не деп сыбырлады?", "Інісін бірге алып шықпаған, артынан еріп келген сияқты сахнаға", "Қыздардың арманы болдың ғой. Қай заманда да сері жігітті халық жақтаған", "Мына қыз батыл екен".

"Ерсі ешнәрсе көріп тұрған жоқпын. Сүйіп тыңдайтын әншісі шығар", "Қанша жерден жанкүйер болса да, отбасылы әншіні сүйген дұрыс емес", "Әйелі бар екенін біледі ғой", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997339-nurbolat-abdullindi-suigen-tyndarmany-inisin-saxnada-umytyp-ketti-video/