Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова: Баланы туа сала күтушіге қалдырып кеткен дұрыс емес (видео)

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Былтыр тұрмысқа шығып, осы жылдың жазында ана атанған әнші Мақпал Исабекова отбасылы өмірі жайлы айтып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі "Түнгі студия" бағдарламасында баланы босана салып, күтушіге қалдырып кетуге келіспейтінін баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншінің өмірінде соңғы уақыттарда қандай жаңалықтар барын сұраған.

Ал Исабекова қазіргі таңда бала күтіміне байланысты үйде отырғанын айтты.

"Үйде бала қарап отырмын. Бала күтушісі жоқ. Таңнан кешке дейін баламен алысып жүремін. Бала күтушісін жалдайтын әйелдерді де сөкпеймін. Бірақ бұл менің шешімім. Өйткені балаға ең кемі бір жасына дейін анасы қарау керек. Балаға анасынан басқа ешкім керек емес.

Баланы көптен күттім. Оны туа сала, күтушіге қалдырып кеткен дұрыс емес. Өзім баламның өскенін, өзгергенін, қылықтарын көргім келеді. Жұмысқа шығу керек деген талап жоқ. Құдайға шүкір, күйеуім бар. Ақша жетіп жатыр. Жұмысқа шығуыма асығыс жоқ.

Осы бағдарламаға түсетінім үшін Астанадан арнайы ұшып келіп, баланың жанында қалды", - деді Мақпал Исабекова.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Исабекова биылғы жылдың жазында ұлды болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997352-maqpal-isabekova-balany-tua-sala-kutusige-qaldyryp-ketken-durys-emes-video/

pixel