Блогер Айжан Байзақова жүктілігі жайлы қауесетке жауап берді (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

Жақында тұрмысқа шыққан блогер Айжан Байзақова өзінің жүктілігіне қатысты қауесетке жауап берді. Танымал блогер күйеуімен бал айына аттанғалы жатқанын айтты, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

"Тұрмысқа шыққаныма айға жуық уақыт өтті. Бәрі менің қандай сезімде екенімді сұрайды. Біз бауырлардай болып кеттік, әзілдеймін. Қазір ата-анамызды әуежайдан күтіп алып, жұмыстармен жүрміз. Біз осы аптада бал айына аттанамыз", - Байзақова Instagram желісінде.

Сонымен қатар блогер оқырмандарының өз жүктілігіне қатысты күдігін сейілтті.

"Оқырмандарым менің алыс туыстарым секілді. Бәрі менің қашан аяғым ауырлайтынын күтіп жүр. Рас айтамын. Менің әлеуметтік желідегі жазбаларымнан жүктіліктің белгілерін байқап, күмәндануда. Мен жағдайымның бірден нашарлағанын айтсам да, салмақ қосқанымды айтсам да, олар себебі жүктілік деп ойлайды", - деді Байзақова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Байзақованың дүркіретіп той жасағаны белгілі болған еді.

Ал сәл кейінірек блогер молдадан мәһрге не сұрағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997426-bloger-aizan-baizaqova-zuktiligi-zaily-qauesetke-zauap-berdi-video/