Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолдаушы жоқ": Қос жанарынан айырылған танымал әнші неліктен базарда ән салғанын айтты

Опубликовано:

"Сәт" триосы
"Сәт" триосы.Фото: jasqazaq.kz

Зағип әншілерден құралған "Сәт" триосының мүшесі Алматыдағы базарлардың бірінде ән айтып жүр. Әншінің бейнеролигі желіде қызу талқылануда, деп жазады KYN Instagram парақшасы.

Кезінде "Қайтер едік өмірге келмегенде" әнімен жұрттың жүрегіне жол тапқан "Сәт" триосының тарағанына 4-5 жыл болды. Топ мүшелері бүгінде жан-жақта, зағип болғанына қарамай, өз арбаларын өздері сүйреп жүр.

Алматының "Алтын Орда" базарында ән айтып тұрған "Сәт" триосының мүшесі Азат Әбілдаев өзінің қазіргі жағдайын айтты. Айтуынша, бүгінгі таңда әнші Қонаевта орналасқан лагерде музыкант болып қызмет етіп жүр. Бүған дейін Астана, Алматы қалаларына гастрольдік концерттерге барып жүрген.

"Алтын Орда базарының жол бойында ән айтып тұрған Әділет есімді жігіт менің өтіп бара жатқанымды көріп, танып, "Қайтер едік өмірге келмегенде" әнін орындап беруімді өтінген еді. Ол жігітті танымаймын. Өзі сонда күнде ән айтып, ақша табады екен. Мен де жігіттің өтінішін жерге тастағым келмей, орындап бердім. Бірақ әлеуметтік желіде жұрт оны басқаша қабылдап жатыр екен. Оны естіп, өзім де таң қалып отырмын", — деді әнші.

Азаттың трио тарағалы бері 10 жеке әні, бейнеклипі жарық көрген. "Әндерім шыққанымен, жұртқа таралуы қиын, баяу жүріп жатыр", — дейді ол.

Анасы мен інісі Шымкентте тұратын Азат жалғыз өзі шығармашылығын насихаттап жүр. Әнші ешқандай қолдаушысы жоқ екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997501-qoldausy-zoq-qos-zanarynan-aiyrylgan-tanymal-ansi-nelikten-bazarda-an-salganyn-aitty/

pixel