Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маржан Арапбаева қыздарын қалай тәрбиелейтінін айтты (видео)

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Маржан Арапбаева: "1001 түн" бағдарламасы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева "1001 түн" бағдарламасында үш баласына қалай уақыт бөліп үлгеретінін айтты. Әнші жұмыс пен гастрольден бөлек уақытта қыздарымен сырласуға тырысатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балаларды мектепке алып барып, алып келетін менің жолдасым. Гастрольден бөлек уақытта мен балаларға көңіл бөлуге тырысамын. Сабағы бар, тәрбиесі бар, әңгілемесеміз. Ананың орны бөлек.

Аллаға шүкір, қыздарым өте тәрбиелі деп ойлаймын. Көпшілікке шықсақ міндетті түрде амандасып, рахметін айтады. Менен көргені бар, айтатыным бар, осының бәрі тәрбиесіне әсер етеді.

Менің ойымша, бала деген әрдайым мейірімді болуы керек. "Мынаны кимеймін, мынаны жемеймін. Мен мына баламен араласпаймын" деген дұрыс емес. Өзім өмірде ондай емеспін. Сондықтан қыздарымның да қарапайым болғанын қалаймын. Жалпы қыздарымның үшеуі де өте қарапайым", - деді Маржан Арапбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997547-marzan-arapbaeva-qyzdaryn-qalai-tarbieleitinin-aitty-video/

pixel