Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неке қидырдыңыз": Кәмшат Жолдыбаева оқырмандарын ерекше жазбасымен қызықтырып қойды (видео)

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева
Кәмшат Жолдыбаева. Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Отандық әнші Кәмшат Жолдыбаева Instagram желісіне жазба жариялап, оқырмандарын қызықтырып қойды. Ерекше күн өткізгенін айтқан әншіні көпшілік неке қидырды деп топшылады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Соңғы уақыттары жабық киінуді әдетке айналдырған Жолдыбаева желіге тағы орамал таққан видеосын жариялады.

"Былай қарасаң, келесі бір сәрсенбі ғой. Дегенмен 16.11.22 ерекше күн. Неге? Сіздерде не жаңалық", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары Кәмшат Жолдыбаеваны неке қидырды деп топшылаған.

"Осы тұрмысқа шыққалы жүрсіз-ау", "Неке қидырдыңыз немесе Меккеге баруға дайындалып жүрсіз", "Бүгін ақ некелеріңізді қидырдыңыздар деп ойлаймын. Бақытты болыңыздар. Жақсы көреміз".

"Неке қиған күн", "Ғашық шығарсыз", "Оң қолында сақина", "Неке кіммен қиылды екен? Бақытты болыңыз", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлының бірге түскен суреттері желіге тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997622-neke-qidyrdynyz-kamsat-zoldybaeva-oqyrmandaryn-erekse-zazbasymen-qyzyqtyryp-qoidy-video/

pixel