Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нұрағаң ағыл-тегіл жылады": Тыңдарман жүрегін жаулаған "Есіңе мені алғайсың" әні қалай жарық көрді

Опубликовано:

Мадина Ералиева
Мадина Ералиева. Фото: "Есіңе мені алғайсың" бейнебаянынан скриншот

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың "Есіңе мені алғайсың" әні көпшілікке қалай танылды? Халыққа марқұм әнші Мадина Ералиеваның орындалуында танылған әнді ақын Нұрғиса Тілендиевтің қағаздарының арасына қалдырып кетеді. Композитордың "Есіңе мені алғайсыңды" Мақатаев қайтыс болғаннан кейін тауып алып, ағыл-тегіл жылап, тура сол күні ән жазғаны "Бір туынды тарихы" бағдарламасында айтылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған жалпы 86 ән бар. Оның ең елеулісінің бірі - "Есіңе мені алғайсың". Себебі бұл әнін де, сөзін де, орындаушысын да дәл тапқан туынды саналады. 

Осы "Есіңе мені алғайсың" өлеңіне бірнеше рет ән жазылған. Сондай нұсқаның бірі - композитор Нұрғиса Тілендиевтікі.

Композитордың жары Дариға Тілендиеваның айтуынша, сазгер Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне ынтық болып, газетке шыққан әр туындысын жібермей оқып отыратын. Кейін екеуі танысып, өмірге 30-ға тарта ән әкеледі.

Ал 1975 жылы Мұқағали сазгердің үйінде бір ай жатып, екеуі бірнеше ән шығарған. "Есіңе мені алғайсың" - Мұқағали Мақатаев пен Нұрғиса Тілендиевтің ең соңғы бірге шығарған әндері. Әннің сөзін Нұрғиса Тілендиев ақын қайтыс болғаннан кейін қағаздардың арасынан тауып алып, ағыл-тегіл жылаған.

"Мұқағали 1976 жылы қайтыс болды. Сол кезде Нұрағаң (ред - Нұрғиса Тілендиев) қатты қайғырды, жылады. Мұқағали өмірден өткеннен кейін Нұрағаң қағаздарын ақтарып жатып, "Есіңе мені алғайсың" өлеңін тауып алды, Мұқағали қағаздың астына қойып кетіпті. Сол поэзияны оқығаннан кейін Нұрағаң ағыл-тегіл болып жылады. Тура сол күні ән шығарды", - дейді Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева.

Ал халыққа кең тараған әннің нұсқасын әнші-композитор Елена Әбдіхалықова 20 жасында жазған. Кейін бұл ән Мәдина Ералиеваның орындауында бүкіл түркі тілдес халыққа тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997778-nuragan-agyl-tegil-zylady-tyndarman-zuregin-zaulagan-esine-meni-algaisyn-ani-qalai-zaryq-kordi/

pixel