"Жүрек қалауыммен осы шешімге келдім": Отандық әнші орамал таққанын мәлім етті (видео)

Опубликовано:

Наркенже Серікбаева
Наркенже Серікбаева. Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva

Отандық әнші Наркенже Серікбаева бұдан былай орамал тағатынын мәлім етті. Өнер иесі бұл жаңалығымен Instagram желісінде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ақ жаулықты анамыз ақ жүрегімен, ақ тілегімен сыйлығын берді. "Осындай аналардың жолын жалғайын" деп басыма орамал тақтым. Саналы түрде, жүрек қалауыммен осы шешімге келдім. Бес уақытымды түгендеп, анама жақсылық жасап, туыстарыма қарасып, елге әнімді, тағылымды термемді арнап жүрсем болғаны. Басқа арманым жоқ.

Мені орамалмен көру қажы анамның тілегі еді. Аллам разы болса, анам риза болса болды.

Орамалыма тисетіндер де табылады. Қорқа қарап, шошитындай ештеңе жоқ. Қолыма домбыра ұстап, дәстүрлі әнді дәріптеп жүрген соң киімімде өнеріме сай болу керек қой. Менің оқырмандарым мені түсінеді, қолдайды деп ойлаймын", - деді отандық әнші.

Естеріңізге сала кетейік, отандық әнші Қайрат Нұртастың әкесінің туған күнінде ән айтып, Гүлзира Айдарбековадан сыйлыққа бриллиант сырға-жүзік алған болатын.

Ал кейінірек әншіге Өзбекстанда шапан жабылып, зор құрмет көрсетілді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Наркенже Серікбаева тойда өзіне әжейдің бағалы сыйлық табыстағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998270-zurek-qalauymmen-osy-sesimge-keldim-otandyq-ansi-oramal-taqqanyn-malim-etti-video/