Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке болуға дайынмын": Отандық актер отбасы үшін дұға етуді сұрады

Опубликовано:

Абай Асылхан жұбайымен
Абай Асылхан жұбайымен. Фото: instagram.com/abay.asylkhan

Отандық актер Абай Асылхан әке атануға дайын екенін айтты. Ол бүгінде жұбайының бірінші некесінен екі бала тәрбиелеп отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен әке болуға дайынмын. Кеше "Жұбайлар ата-ана болуға дайын болмаса, балалы бола алмайды" дегенді естідік. Көбісі "Қашан балалы боласыздар?" деп сұрап жатады. Мен мұндайда әдептілік сақтап, "Жақында" деп жауап беремін.

Бірақ бала аңсап жүрген отбасылар өзгелердің пікірінсіз де әрекет етуде. Олар балалы болу үшін тырысып жүр. Мен Құдайдан балалы болуды үнемі сұраймын. Мен аманатым екеуіміздің көпбалалы отбасы болғанымызды қалаймын. Біз оған дайынбыз", - деді Абай Асылхан.

Сонымен қатар ол неліктен мұндай жазба жариялағанын да түсіндірді.

"Сіздерден біз үшін және әрбір бала аңсаған отбасы үшін дұғада болуларыңызды сұраймын. Алла бізге тезірек бала сүю бақытын нәсіп етсін. Балақай, біз сені асыға күтудеміз. Біздің шаңырағымызға тезірек кел", - деп жазды актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998354-ake-boluga-daiynmyn-otandyq-akter-otbasy-usin-duga-etudi-surady/

pixel