Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Ернар Садырбаев болашақ жарын қалай елестететінін айтты (фото)

Опубликовано:

Ернар Садырбаев
Ернар Садырбаев. Фото: instagram.com/amre_official

Қазақстандық әнші Ернар Садырбаев болашақ жарын қалай елестететінін айтты. Шоу-бизнес әлеміндегі бойдақ сері әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпшілікке Amre есімімен таныс әнші бірнеше жылдан бері армандаған аруын таппай жүргенін айтқан болатын.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі құрбысының әншіге ғашық екенін айтқан. Ал Ернар Садырбаев бұл жазбаға әзілмен жауап қайтарған.

"Мұны ата-анам естімесін. Естісе, менің ол қызды үйге әкелуімді талап етеді", - деді әнші.

Оқырмандарынан келген сауалдарға жауап берген Amre болашақ жұбайын қалай елестететінін де айтты. Ол бұл жолы да оқырманының сауалын әзілге айналдырған.

"Аяғы ауыр қалпында", - деді Ернар Садырбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ернар Садырбаев көпшілікті әлеуметтік желідегі жазбасымен қызықтырып қойған еді.

Ернар Садырбаев
Ернар Садырбаев. Фото: instagram.com/amre_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998715-ansi-ernar-sadyrbaev-bolasaq-zaryn-qalai-elestetetinin-aitty-foto/

pixel