Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Ернар Айдар ЕрнарАйдар есімді балақайға сахналық киімін сыйлады (видео)

Опубликовано:

Ернар Айдар
Ернар Айдар. Фото: instagram.com/ernaraidar_kz

Бірнеше күн бұрын Жаркент қаласында кеш өткізген әнші Ернар Айдар қызық оқиғаға тап болды. Әнші өзінің есімі мен тегін алған ЕрнарАйдар есімді балақайға сахнада костюмін сыйға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан сахнаға көтеріліп бара жатқан кішкентай балақайды көруге болады. Серікұлы ЕрнарАйдардың әкесі әншінің жанкүйері болып шықты.

Әнші өзінің аты-жөнімен аттас балақайға сахнада сыйлыққа костюмін табыстады.

Бұл жайлы әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.

"Міне қызық, Серікұлы ЕрнарАйдар таңғалдырды.

Концертім кереметке күшті ұласып,

Таныстым бауырыммен мықтыға асық.

Үстіне шапанымды жаптым сосын,

Құшақтап, қолымызды қысқыласып!

Атыңды ЕрнарАйдар деп қойыпты,

Мендей емес, менен де түскін асып", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998744-ansi-ernar-aidar-ernaraidar-esimdi-balaqaiga-saxnalyq-kiimin-syilady-video/

pixel