Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынайы талант": Таэквондомен айналысқан Димаш Құдайберген көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: Vyacheslav Prokofyev\TASS via Getty Images

Танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram желісінде таэквондомен біраз уақыттан бері айналыспай кеткенін, алайда жақында өз формасына келетінін айтты. Желі қолданушылары әншінің жан-жақтылығына сүйсінген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шынымды айтсам, таэквондомен айналыспағаныма біраз уақыт өтті. Бірақ жақында өз формама қайта келемін деп ойлаймын", - деді Димаш Құдайберген.

Ал әншінің жанкүйерлері Димаштың сегіз қырлы, бір сырлы таланттылығына таңқалды.

"Шынайы талантты жан барлық істі кәсіби деңгейде орындайды. Димаш - шынайы талант", "Сіздің талантты екеніңізді білемін. Бірақ, сіздің спортпен шұғылданатыныңыз мен үшін күтпеген жаңалық", "Димашты осылай өсірген үлкендерге рахмет. Жан-жақты азамат. Ер баланы осылай өсіру кере".

"Біз үшін Димаш әрдайым биікте", "Керемет қимылдайсың", "Спортпен шұғылдануды ұмытпай, қолға алғаныңа қуаныштымын", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998888-synaiy-talant-taekvondomen-ainalysqan-dimas-qudaibergen-kopsilikti-suisintti-video/

pixel