Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекова ұлын әскерден күтіп алды (видео)

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: instagram.com/botakerim

Әнші Ақбота Керімбекова тұңғышын әскерден күтіп алды. Өнер иесі баласы мен әжесінің сағынысып қауышқан сәтін Instagram желісіне жүктеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сүйінші! Әскерден әжесінің баласы келді. Ананы бақытынан айырмасын. Аналар жыламасын", - деп жазды Ақбота Керімбекова.

Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жарыса құтты болсын айтқан. Оқырмандардың кейбірі баласын әскерден күтіп жүрген ана екенін жасырмады.

"Жас сарбаздар аман болсын", "Аман-есен келіп, апасын қуантқан баладан айналдым. Апасының тілеуі қабыл болды. Сол кісі аман болсын", "Менің де балам әскерде. Күтіп жүрмін", "Керемет. Әжесі мен анасын қуантып, әскерден оралған сарбаз бақытты болсын".

"Барлық аналардың әскердегі балалары осылай аман есен келсін. Апасының қуанышы құтты болсын", "Қуаныштан көзіме жас келді", "Аман-сау оралғаны жақсы болған екен", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекованың үлкен ұлы Біржан ән айтып, дауысымен көпшілікті таңғалдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998950-aqbota-kerimbekova-ulyn-askerden-kutip-aldy-video/

pixel