"Жібек қайда?": Қайрат Нұртастың інісі әйелімен түскен суреттерін өшіріп, саяхатқа аттанды
Опубликовано:

Әлеуметтік желі қолданушылары осыдан жарты жыл бұрын шаңырақ көтерген Заңғар Нұртас пен Жібек Қайратқызын ажырасып кетті деп болжауда. Қазір ерлі-зайыптылар Instagram-дағы парақшасынан бірге түскен суреттерін өшірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Одан бөлек, Заңғар Нұртастың Гонконгке сапарында әйелінің көрінбей жүргені де көпшіліктің күмәнін туғызуда.
"Жібек қайда, көрінбейді?", "Әйелімен ажырасып кеткен бе?", "Келіншегі қайда?", "Сіздер күтпеген жерден ажырасып кеткен жоқсыздар ма?", - деп сұрақтарын жаудырды желі қолданушылары.
Ал Жібек Қайратқызы желіге өзінің жалғыз жүгіріп бара жатқан видеосын жариялады.
"Әрбір әйелге бақытты болуды тілеймін", - деп жазды ол.
Жібектің оқырмандары да оған Заңғар туралы сұрақтарын жаудыруда.
"Рейтингтері құлады ма әлде ажырасып кетті ме?", "Заңғармен татуласыңдар. Отбасында бәрі де болады. Күйеуіңнің жанында бол", "Отбасыны бұзбай, сақтау керек", - деп жазуда желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999301-zibek-qaida-qairat-nurtastyn-inisi-aielimen-tusken-suretterin-osirip-sayaxatqa-zalgyz-attandy/