Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Дұғалованың қансыраған суреті көпшілікті шошытты (фото)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова
Жанар Дұғалова. Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

Жанар Дұғалованың әлеуметтік желіге жүктеген соңғы суреті желі қолданушыларын шошытты. Instagram желісінің қолданушылары Дұғалованың мұндай қорқынышты суретті жариялау себебін біле алмай дал болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желідегілер сүйікті актрисасының қансыраған суретінен шошығанын жасырмады.

"Өнер деген мәдениет ғой. Ал бұл жерде мәдениет сақталмаған. Сондықтан бұл дүниені өнерге жатқыза алмайтын сияқтымыз. Бойымызға сіңген қазақи менталитет бойынша өнер деген көзтартар әдемілік, сұлулық қой. Өнер адамдары халық алдына шыққанда, ең әдемі костюмдерін киіп шығады. Ал бұл не? Жыртық капронның өнерге айналғаны ма?".

"Меніңше, біздің Жанар мұндай суретті қандай образ болса да салмайды. Бұл біреулердің тірлігі шығар. Жанар - өте мәдениетті. Сахнада жүрген ең таза, тәрбиелі, өнерді жоғары бағалайтын қыз. Мен мұны "Жанар салды" дегенге сенбеймін".

"Мына суретті өшіре салыңызшы", "Шошып кеттім", "Балалар да қарайтындықтан, мұндай суретті салмау керек", "Бейнебаян немесе фильмге түсіп жатыр", "Абайлашы, қалқам", - деп жазды желі қолданушылары.

Ал актрисаның өзі бұл суретінің астына "Жақында", - деп жазып қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999359-zanar-dugalovanyn-qansyragan-sureti-kopsilikti-sosytty-foto/

pixel