Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекжан Тұрыс: "Сол мақтауға лайықпын ба?" деген сұрақ мазалайды (видео)

Опубликовано:

Бекжан Тұрыс
Бекжан Тұрыс. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекжан Тұрыс "Жақсы адамдарым" бағдарламасына қонаққа келіп, өзін мақтайтындарды қаншалықты құптайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бекжан Тұрыс мақтауды жек көрмейтінін, алайда өзінің мақтауға қаншалықты лайық екеніне алаңдайтынын жеткізді.

"Қазір жақсы мен жаманның, адал мен арамның арасы алмағайып көрінбей тұрған кезең ғой. Жақсы адам қандай өзі? Мені "Жақсы адам бар ма, қазір?" деген сұрақ мазалайды.

Мен кейде ойлаймын, осындай бағдарламаға келген кезде көзді бақырайтып қойып мақтау адамға қаншалықты керек деймін. Мен мақтау жек көрем дей алмаймын. "Мақтауды жек көрем" десем, екіжүзділіктің нағыз өзі болады. Бірақ "Сол мақтауға лайықпын ба?" деген сұрақ мазалайды", - деді Бекжан Тұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999372-bekzan-turys-sol-maqtauga-laiyqpyn-ba-degen-suraq-mazalaidy-video/

pixel