Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынбек Қоразбаевты "брат" деген Гүлмира Ізбасқанова өз әрекетінің себебін түсіндірді (видео)

Опубликовано:

Алтынбек Қоразбаев, Гүлмира Ізбасқанова
Алтынбек Қоразбаев, Гүлмира Ізбасқанова. Фото: instagram.com/gulmira_izbaskhanova01

Осыдан біраз уақыт бұрын тойда Алтынбек Қоразбаевты "братан" деп айтып, елдің сынына ұшыраған Гүлмира Ізбасқанова бұл әрекетінің себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған әнші Қоразбаевты неліктен бұлай атайтынын Instagram желісінде айтып берді.

"Шулап болдыңыздар ма? Ағаның орысшасы братан ғой. Ниетім ағамды жас қылып көрсету еді. "Әзілің жарасса, атаңмен ойна" деген қазақта сөз бар. Мәселе туындаса, шын жүректен бәрін тындырып беретін сол ағалар ғой. Басқаша жеткізіп жүрген жандар, аман болыңыздар. Бәрібір жақсы көремін сіздерді", - деп жазды Гүлмира Ізбасқанова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Гүлмира Ізбасқанованың әлеуметтік желіге орамал таққан видеосы тарады. Әншінің өзі көктемде ұзатылатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999766-altynbek-qorazbaevty-brat-degen-gulmira-izbasqanova-oz-areketinin-sebebin-tusindirdi-video/

pixel