"Жігіт басқа қалада": Ерке Есмахан сүйіктісі жайлы айтты (фото)
Опубликовано:

Әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берген Ерке Есмахан сүйікітісі жайлы айтты. Әнші сүйгені өзге қалада болғандықтан, онымен үнемі телефон арқылы байланыста болатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген.
Желі қолданушыларының бірі әншіден тәулік ішінде барлық тірлігіне қалай үлгеретінін сұраған.
Ал әнші өзінің қиналып жұмыс істемейтінін жеткізді.
"Мен ұйқыдан тұрғанша, Алматыда кептеліс басталып кетеді. Тек салон мен сауда деген шаруаны бітіріп қайтамын. Сосын тәулік бойы телефондамын. Өйткені, жігіт басқа қалада, оның көңілін табу үлкен шаруа. Содан соң шәй, тамақ, қиналып жұмыс істеп жатқан мен жоқпын. Шүкір", - деп жазды Ерке Есмахан.
Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан осыған дейін сүйгенінің қарапайым қазақ баласы екенін айтқан болатын.
Сондай-ақ әнші тұрмысқа шығып, балалы болғысы келетінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000154-zigit-basqa-qalada-erke-esmaxan-suiiktisi-zaily-aitty-foto/