Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Элизат Берікова бұрынғы күйеуі жайлы: Балаларды киіндірмейді, балабақша ақысын төлемейді (видео)

Опубликовано:

Элизат Берікова
Элизат Берікова. Фото: instagram.com/elizaberikova007

Қазақстандық әнші Элизат Берікова бұрынғы күйеуі туралы айтты. Ол балаларының әкесін іздейтінін, алайда бұрынғы жұбайының ұлдарын киіндірмейтінін, балабақша ақысын төлемейтінін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отбасылық мәселесін Instagram парақшасында оқырмандарымен бөліскен Берікова көпшіліктен кеңес сұрады.

"Біз қазір кешкі ас ішіп болдық және менің көңіл күйім түсіп кетті. Ұлым "Анашым, әкеме хабарласшы" дейді. Ал мен ұлыма әкесіне хабарласа алмайтынымды түсіндіре алмаймын. Мен оған не айтамын? Балалары барын еске түсіруім керек пе? Өзінің аз ғана жалақысын алиментті аз төлеу үшін тіпті төмендетіп көрсеткен жауапкершілігі жоқ адамға мен не айта аламын?

Аллаға шүкір, оған күнім қарап отырған жоқ. Бірақ ол балаларды киіндірмейді, балабақша ақысын төлемейді. Жалпы ештеңе жасамайды. Ал әкесін жақсы көретін балаларға оны қалай түсіндіресің? Олар түсінбейді ғой. Мен не істерімді де білмеймін. Олар тым кішкентай, ештеңені түсіндіре алмаймын. Жүрегім ауырады. Олар әкесіне хабарласуымды сұрайды", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000492-elizat-berikova-buryngy-kuieui-zaily-balalardy-kiindirmeidi-balabaqsa-aqysyn-tolemeidi-video/

pixel