Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кардиология бөлімінде жатырмын": Гүлнұр Мамасарипова ауруханаға түсіп қалды (фото)

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Гүлнұр Мамасарипова. Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

Продюсер Гүлнұр Мамасарпиова ауруханаға түсіп қалды. Өзінің кардиология бөліміне түскенін режиссер Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кешеден бері ауырып, ауруханаға түсіп қалғанымды білмей қалмаңыздар. Кеше әлеуметтік желіге шама болмаған. Бүгін тіріле бастадым.

Елдер система салдырса да жыр ғып жатады ғой. Мен кәдімгідей кардиология бөлімінде жатырмын, ал. Жүрегім де, жаным да мықты деп ойлайтынмын. Сөйтсем, олай емес екен", - деп жазды Мамасарипова.

Ал желі қолданушылары продюсердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

"Сауығып кетіңіз", "Алла шипасын берсін", "Ауырмаңыз", - деп жазды Мамасарипованың оқырмандары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Гүлнұр Мамасарипова өмірінің тамаша кезеңіне тек еңбек етудің арқасында қол жеткізгенін айтқан болатын. Режиссер тіпті бала босанғаннан кейін де декреттік демалысқа шықпай, жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000529-kardiologiya-boliminde-zatyrmyn-gulnur-mamasaripova-auruxanaga-tusip-qaldy-foto/

pixel