Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болливудтың жаңа жұлдызы": Сари киген Гоар Аветисян оқырмандарын таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Гоар Аветисян
Гоар Аветисян. Фото: instagram.com/goar_avetisyan

Танымал бьюти-блогер және визажист Гоар Аветисян оқырмандарын жаңа образбен таңғалдырды. Ол көпшілік алдына үндінің сариімен шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үндістан менің жүрегімде. Өзімді өткен өмірімде үнді аруы болғандай сезінемін. Бұл қалыпты дүние ме? Сіздерде мұндай сезім болады ма?", - деп сұрады Гоар оқырмандарынан Instagram желісінде.

Ал желі қолданушылары оның үнді актрисаларынан айнымайтынын айтып, киноға түсуге кеңес берді.

"Сізге үнді фильміне түсу керек", "Керемет образ", "Үндістан аруы болдыңыз", "Актриса болуыңыз керек екен", "Қандай әдемісіз", "Болливудтың жаңа жұлдызы", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000775-bollivudtyn-zana-zuldyzy-sari-kigen-goar-avetisyan-oqyrmandaryn-tangaldyrdy-video/

pixel