Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Unior Eurovision-2022: Қазақстандық бала "Жер-Ана" туындысын орындайды

Опубликовано:

Давид Чарлин
Давид Чарлин. Фото: altaynews.kz

11 желтоқсан күні Арменияда Ереванда танымал "JUNIOR EUROVISION SONG CONTEST 2022" (Балалар Евровидениесі) жобасы өтеді. Әлемдік додада Қазақстанның атынан Давид Чарлин есімді қазақстандық бала өнер көрсетеді, деп хабарлайды altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Балалар Евровидениесінің биылғы жобасында "Бақытты бала-2022" финалисті Давид Чарлин "Жер-Ана" туындысын орындайды.

Гранд-финалдың тікелей көрсетілімі 11 желтоқсан күні "Хабар" арнасында, Астана уақытымен 21:00-де көрсетіледі.

Сонымен қатар балалар Евровидениесіне Еуропаның 15 елінен орындаушылар қатысады.

Айта кететіні, Балалар Евровидениесінің нәтижесі халықаралық қазылар алқасының дауыс беруі мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендердің онлайн дауыс беруі арқылы анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан биыл аталмыш балалар жобасында бесінші рет бақ сынап жатыр. Осыған дейін балалар Евровидениесінде Қазақстан атынан 2018 жылы Данелия Тулешова, 2019 жылы Ержан Максим, 2020 жылы Қарақат Башанова, 2021 жылы Бекнұр Жәнібекұлы және Әлинұр Хамзин қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000838-unior-eurovision-2022-qazaqstandyq-bala-zer-ana-tuyndysyn-oryndaidy/

pixel