Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Шәкіржанов әлеуметтік желідегі әзіл видеолары жайлы айтты (видео)

Опубликовано:

Қуандық Шәкіржанов
Қуандық Шәкіржанов. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Отандық актер Қуандық Шәкіржанов "Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келіп, әлеуметтік желіде хайпқа айналатын әзіл видеолары жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біздің әзілдеріміздің киноға қатысы жоқ. "Тақиялы періштедегіні" бәрі салып жатқаннан кейін, қызық үшін біз де көрейікші дедік. Өнер адамдарының арасындағы әзіл ғой. Кейбіреулер түсінбейді. Біреулер уақыт өте келе түсініп жатады", - деп айтты актер.

Сонымен қатар Шәкіржанов киноға түсер алдын оның ақысын емес, сценарийді сұрайтынын жеткізді.

"Киноға шақырғанда, бірінші сценариймен танысамын. Бірінші ақшаға, гонорарға келіспеймін. Ұятты рөл болса, бас тартамын. Сценариймен танысып, өз табиғатыма сай келіп жатса, келісіп, гонорарын сөйлесемін", - деді актер Қуандық Шәкіржанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000850-quandyq-sakirzanov-aleumettik-zelidegi-azil-videolary-zaily-aitty-video/

pixel