Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев пен Әбдіжаппар Әлқожа әлеуметтік желіде хитке арналған трендті орындады (видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев пен Әбдіжаппар Әлқожа
Мейрамбек Бесбаев пен Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Отандық әншілер Мейрамбек Бесбаев пен Әбдіжаппар Әлқожа Тикток желісінде хитке айналған "Қара пантера" трендін түсірді. Желідегілер әншілердің актерлік қырын лайықты бағалаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Әбдіжаппар Әлқожаның Instagram парақшасында жарияланды. Ал Бесбаев аталмыш видеоны желіде бөлісті.

"Трендті жалғастырамыз", - деп жазылды видео астына.

Өнер иелерінің бұл трендті видеосын Ерке Есмахан, Нұрболат Абдуллин, Жазира Байырбекова, Мадина Сәдуақасова бағалаған. Олар видео астына от белгісін қалдырды.

Сонымен қатар желі қолданушылары да Бесбаев пен Әбдіжаппар Әлқожаның трендті видеосына сансыз пікір қалдырды.

"Өте керемет", "Мұнан кейін видеоны ешкім түсірмесе де болады", "Керемет шығыпты", - деп пікір қалдырды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000862-meirambek-besbaev-pen-abdizappar-alqoza-aleumettik-zelide-xitke-arnalgan-trendti-oryndady-video/

pixel