Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекова ұлы жайлы: Назарға үлкен аналық махаббатын беріп жатқан - анам (видео)

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Блогер Айжұлдыз Адайбекова "Talk Like" бағдарламасында ұлы Назарды қалай тәрбиелеп жатқанын айтты. Ол кішкентай ұлын әлі ұрып, ұрысып көрмеген. Тіпті Жанар Айжанованың қызы ұлына табыс табу мақсатында әлеуметтік желіде парақша ашып қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бізде "Ана - баласын құшағына қысып, бесік тербетіп отырған адам" деген түсінік бар ғой. Бірақ мен антианамын. Бала кезімнен бастап, "Балаларым 18 жасқа келсе де, жанында жап-жас болып тұрамын. Адамдар менің әпкесі немесе құрбысы ма, анасы ма деп түсінбейді" деген визуализация болған. Сондықтан Назар баламмен қарым-қатынасым достыққа негізделген.

Мысалы, мен үшін анам - эталон. Оның махаббаты, жылулығы мен үшін өте ерекше. Ал мен балама беріп жатқан тәрбием, түсінігім басқаша", - деді Айжұлдыз Адайбекова.

Сонымен қатар Жанар Айжанованың қызы ұлының болашағын қазірден бастап ойлайтынын айтты. Осы мақсатта ол ұлына әлеуметтік желіде парақша ашып, өзі табыс табатын жағдай жасап қойған.

"Қазір балам кішкентай, бір жаста. Бірақ "өзі табыс тауып үйренсін" деген мақсатпен парақша ашып қойдым. Ол бала өз ақшасын өзі жинап, жарнама алып жүр. Назардың болашағын қазірден бастап ойлаймын. Оның тәуелсіз болғанын және "мына әлемнің еркін, әдемі екенін сезінсін" деген ниетпен басқаша нәрсе айтамын. Мен оны әлі бірде бір рет ұрысып, ұрып көрмедім. Ыстық шәйнек көрсе, ұстасын. Биікке шықсын, бір рет құласын. Екінші рет қайталамайтын болады. Егер біреудің баласын ренжітсе, ойыншығын тартып алса, тістесе - шектеу бар. Назар тентек, бірақ ақылды.

Назарға үлкен аналық махаббатын беріп жатқан - анам. Үйге айқайлап кіретін махаббатын мен алыста отырып сеземін. Себебі, дәл осы махаббатпен мен өскенмін", - деді ағынан жарылған Айжұлдыз Адайбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001141-aizuldyz-adaibekova-uly-zaily-nazarga-ulken-analyq-maxabbatyn-berip-zatqan-anam-video/