Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Айжанованың қызы: Менің анам өте мықты психолог (видео)

Опубликовано:

Жанар Айжанова қызы Айжұлдыз Адайбековамен
Жанар Айжанова қызы Айжұлдыз Адайбековамен. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова анасы жайлы жан сырын ақтарды. Ол анасын көпшіліктің тек актриса, әнші ретінде ғана танитынын, алайда анасының ең бірінші кезекте мықты психолог екенін "Talk Like" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің ең бірінші қолтығымнан көтеретін - менің анам. Менің анамды көбісі мықты актриса ретінде ғана таниды. Ол кісіге "Сіз керемет актрисасыз" дей береді. Бірақ көбісі біле бермейді, менің анам өте мықты психолог. Менің өмірімдегі қиын жағдайда анам өзін керемет ұстады. Анам өзін салмақты ұстайды, менімен досы сияқты сөйлесе бастады. Анам менің жақын досым сияқты. Демеу дегенде, "балам" деп қолдау емес. Көбіне маған психологиялық қолдау берді", - деді Айжұлдыз Адайбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айжұлдыз Адайбекова ұлына қандай тәрбие беретіні жайлы айтқан болатын.

Сонымен қатар Жанар Айжанованың қызы түсінде ұлы мен өз жанынан белгісіз жанды көргенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001173-zanar-aizanovanyn-qyzy-menin-anam-ote-myqty-psixolog-video/

pixel