"Жүз мың адам блокта тұр": Меруерт Түсіпбаева желідегі жазылушыларын неліктен бұғаттайтынын айтты
Опубликовано:

Қазақ эстрадасындағы жарық жұлдыздардың бірі Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданады. Ол қоғамдағы қордаланған тақырыптарға пікір білдіріп, өзіндік ұстанымын жеткізіп отырады. Осы орайда, әнші жүз мың қолданушыны бұғаттап тастағанын да жасырмай айтты, деп хабарлайды "Төртеу түгел" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Instagram, Facebook желілерін белсенді қолданамын. Мен қиын кезеңдегі адамдардың өмірі, әлеуметтік тақырыпты көп жазамын. 333 мың оқырманым бар. Соның ішінде 100 мың адам блокта тұр. Мысалы, танымайтын адамды үйіме кіргізбеймін ғой.
Ал желідегі жеке парақшаларым менің үйім сияқты. Үйіме келіп, түкіріп кететін адамдарды қайтемін? Ол адам маған не үшін керек? Өзіңіз ойланыңызшы... Ондай оқырман маған керек емес. Маған: "қартайыпсың", "албасты" деп жазған адамдарды блокқа жіберемін", - дейді әнші.
Айта кетелік, осы бағдарламада Меруерт Түсіпбаева өзінің ұлына қатысты ақпаратты бөлісіп, оның қасында көп уақыт бола алмағанын да айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001316-zuz-myn-adam-blokta-tur-meruert-tusipbaeva-zelidegi-zazylusylaryn-nelikten-bugattaitynyn-aitty/