Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келінжан" немесе "Сержан братан": Рүстем Жаныаманов жанына жақын рөлді айтты (видео)

Опубликовано:

Рүстем Жаныаманов
Рүстем Жаныаманов. Фото: "Қызық Live"

Отандық актер Рүстем Жаныаманов бірнеше телехикаяда басты рөлді сомдап, көпшілікке танылды. Актер осы рөлдері ішінде жанына ең жақын персонаждың қайсысы екенін "Қызық Live" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қылышбек ұтып кетеді-ау. Сержанды ұтып кететін сияқты", - деді Рүстем Жаныаманов.

Актердің жауабынан соң бағдарлама жүргізушілері сахнаға Қылышбек пен Сержан братанды шақырған. Рүстем Жаныамановтың екі кейіпкері бағдарлама сахнасында кімнің мықты екеніне таласқанымен, үздік персонаждың кім екенін анықтай алмады.

Рүстем Жаныамановтың айтуынша, "Сержан братан" рөлінен соң өзін теріс рөлдерге көп шақырған.

"Ондай шақыртулар болды. Өте қатты қуандым. Мен дәрігер, ұстаз деген жағымды рөлдерді көп ойнадым. Бандиттің рөліне шақырғанда қуандым және көрерменнің көңілінен шықты. Тың дүние болды. Бандитті де ойнап көру бұйырған екен.

Бірақ бандиттің рөлін көп ойнап кетсең, көрермен ұнатпай қалады. "Қылышбек боп жүре бер" деп айтатындар бар. Біз актер болғаннан кейін бірнеше рөлді ойнап көруіміз керек. Мен бірақ Қылышбекке жақынмын. Қиын рөл болды. Режиссермен сол рөлді шығаруға тырыстық", - деді Рүстем Жаныаманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001348-kelinzan-nemese-serzan-bratan-rustem-zanyamanov-zanyna-zaqyn-roldi-aitty-video/

pixel