Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев теріс пікір жазатын желі қолданушыларына жауап берді (фото)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев
Мейрамбек Бесбаев. Фото: instagram.com/m_besbaev

Әнші Мейрамбек Бесбаев қазіргі уақытта Дубайға демалысқа аттанған. Өнер иесі әлеуметтік желіде шоу-бизнес өкілдеріне түрлі сыни пікір жазатын желі қолданушыларын әзілмен қағытты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мақтанбашы", "Өмір осылардікі", "Шегірткелер", "Жалғыз сен емес шығарсың Дубайға барған", "Тойынғаннан секіріп жүр ғой", "Қойсаңдаршы, осындайларыңды", "Ішкен-жегенін, қыдырғанын сала береді", "Осылар-ақ", "Жыртыл қазақ", "Жүріңдер сол ақшаны шетелге шашып", "Сен бармасаң, футбол өтпей қалатындай" деп жазбағандарға бүкіл әлемді шарлау жазсын. Аман болыңыздар", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев Instagram желісінде.

Әншінің бұл жазбасы шоу-бизнес өкілдерінің біразының көңілінен шыққан. Төреғали Төреәлі, Мадина Сәдуақасова, Ернар Айдар, Әбдіжаппар Әлқожа, Абай Бегей, Альбина Шардарова Бесбаевтың осы жазбасына түрлі смайликпен пікір қалдырған.

Желі қолданушылары да егер мүмкіндігі болса, әлемді саяхаттаудан бас тартпайтынын жарыса жазды.

"Ел көрген жақсы ғой", "Барлық пікірді өзіңіз жазып тастапсыз ғой", "Бұл пікірлер сізге айтылмаған. Әншілер ішіндегі ең сыйлысы - Мейрамбек қой", "Қолдан келсе, неге қыдырмасқа?", - деп пікір қалдырды олар.

Айта кетейік, әнші Дубайға отбасымен бірге барған. Ол әлеуметтік желіге жұбайымен және ұл-қызымен саяхатта түскен суретін де жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001526-meirambek-besbaev-teris-pikir-zazatyn-zeli-qoldanusylaryna-zauap-berdi-foto/

pixel