Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аудармасын Неслихан Атагүл оқып шықты": Қазақ әйелдері арасында танымал кітап түрік елінде жарық көрмек

Опубликовано:

Роза Аширбаева мен Лаура Сейтбек тұсаукесерде
Роза Аширбаева мен Лаура Сейтбек тұсаукесерде. Фото: жеке мұрағат

Қазақстанда көп таралым жинаған "Сен жалғыз емессің" кітабының түрікше нұсқасын танымал актриса Неслихан Атагүл де оқып шыққан. Туындының түрік елінде де мұншалықты ықыласқа бөленгені кітап авторларын да таң қалдырып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отбасылық психологияны тереңінен үйретіп жүрген Роза Әшірбаева мен осы саладағы танымал маман Лаура Сейтбек қазақ әйелдері мен жалпы әйел қауымына арналған кітапты түрікшеге аудару туралы шешім қабылдаған. Ал кітапты шығарудағы басты мақсат - қыз-келіншектердің тұлғалық дамуына үлес қосу, денсаулық пен менталдық саулығын жақсартатын білімдермен бөлісу болған.

"Кеңеске жүгінген қыз-келіншектердің барлығына бір кітап қажет екенін түсіндік. Көпшіліктің қалауы да осы болатын. Қазір психология мен отбасылық құндылықтар туралы жазып жатқан адам көп. Бірақ біз мұның үлкен жауапкершілік екенін түсіндік. Кітап жазу үшін бір жылдан астам уақыт дайындалып, бірнеше рет редакциядан өткізгеніміз де рас. Туындымыз барлық жастағы қыз-келіншектерге расында демеу, шын досындай болғанын қаладық", - дейді Роза Әшірбаева.

2021 жылы алғаш сатылымға шыққан кітап қазіргі таңда 15 мың дана таралым жинаған. Енді кітап түрікшеге аударылып, қолжазбасын әйгілі түрік актрисасы Неслихан Атагүлдің өзі оқып шыққан.

"Желтоқсан айының басында біз Стамбұлда өткен халықаралық кітап көрмесіне қатысып келдік. Аталған сапарға дейін біз алты ай шамасында кітаптың түрік тіліне аударылу істерімен айналысқан едік. Түрік нарығына кітап шығару оңай емес, ол жақта әрбір шетелдік туынды мұқият баспа арқылы, мемлекет тарапынан тексерістен өтеді. Түрік тіліне аудармас бұрын біз кітапты бірнеше баспаға жіберіп, оң бағасын алдық.

Одан бөлек түрік тілді дербес оқырмандар тобына бағалауға оқыттық. Түрік тілді дербес оқырмандарымыз арқылы кітабымыздың қолжазбасы әйгілі актриса Неслихан Атагүлдің қолына түскенін естідік. Ол оқып, қатты ұнатыпты. Шыны керек, өзіміз таң қалдық", - дейді автор.

Айта кетейік, кітаптың түрікше нұсқасы наурыз айында жарыққа шығады екен.

Роза Әшірбаеваның айтуынша, бұл кітаптан әйелдер қауымы өз бейнесін көре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001571-audarmasyn-neslixan-atagul-oqyp-syqty-qazaq-aielderi-arasynda-tanymal-kitap-turik-elinde-zaryq-kormek/

pixel