Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір айдан соң үйленіп кеттім": Құрмаш Махан бойдақтарға ерекше әсер ететін ән шығарғанын айтты

Жарияланған күні:

Құрмаш Махан
Құрмаш Махан. Фото: instagram/qurmash_makhan/

Танымал әнші әрі сазгер Құрмаш Махан "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасында қонақ болып, сүйікті жарымен қалай үйленгенін айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен өзімнің аяулы жарымды жаратқаннан өте көп уақыт бойы сұрадым. Өте көп уақыт іздедім. Тіпті, шаршаған соң, "Болашаққа хат" деген ән шығардым. "Өзіңді іздеуден шаршадым, көнемін" деген сыңайдағы ән. Бір қызығы, әлгі әнді орындаған соң бір айға жетпей болашақ жарыммен танысып, бір айдан соң үйлендік. Қазір екеуміз үш ұл тәрбиелеп, тату-тәтті тұрып жатырмыз, Аллаға шүкір", - деді әнші.

Сондай-ақ, Құрмаш Махан осы әнді орындаған тағы бір жігіттің үйленіп кеткенін мәлімдеді.

"Қарағандылық Саламат деген інім бар. Өзі басқа салада болса да, әнді жақсы айтады. Осы әнді Саламат ұзақ уақыт бойы сұрап жүрді. Әйеліме арнаған әнім болған соң, көпке дейін бермедім. Кейін ойландым. Мен мақсатыма жеттім, ән мақсатына жетті. Ендеше, басқалар да айтсын деген ой келді. Сол әнді 32 жастағы Саламат есімді інім орындап, ол да бір жылға жетпей теңін тапты. Қазір екі балапаны бар. Мен өзімді ырымға қатты сенемін деп айта алмаймын. Бірақ сәйкестік болғаны рас", - деді Махан.

Бұл әнді Құрмаш Махан өзінің ән кешінде ырымдап Әмреге орындатпақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001626-bir-aidan-son-uilenip-kettim-qurmas-maxan-boidaqtarga-erekse-aser-etetin-an-sygarganyn-aitty/