Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйқым келмейді" әнінің авторы: Ақша үшін жазылған дүние ғой (видео)

Опубликовано:

Алина Шакиева
Алина Шакиева. Фото: "Ұйқым келмейді" бейнебаянынан скриншот

Отандық орындаушының "Ұйқым келмейді" әні осыдан біраз уақыт бұрын хитке айналып, елді шулатқан болатын. Ән сөзінің авторы Рамазан Амантай "1001 түн" бағдарламасында әншінің қазақша түсінбейтінін пайдаланып, ән сатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұйқым келмейді" әні арқылы бұрынғы шығармаларымды халық тани бастады. Ол әннің неге сынға ілінгенін бәрі біледі ғой. Сөзі нашар болғандықтан, сынға ілікті деп ойлаймын. Ақша үшін жазылған дүние ғой. Ол әнді миллионға саттық. Ол кісі қазақша түсінбейді ғой, сол үшін сатып жібердік. Ниетіміз нашар", - деп күлді ән авторы. Алайда бұл сөздер ән авторының әзілі болып шықты. Ол өздеріне жабылған жаланы осылай әзілмен жеткізбек болды.

"Бұл айтқандарымның бәрі бізге жабылған жала. Сөзі түн жамылып, қайғырып отырып шыққан сөздер. Менің жазған сөздерім жаңалық емес. Ешқандай тілді қорлау емес. Алина ханымның ерекше жеткізу стилі бар. Сол үшін көп жандарға түсініксіз болып қалды деп ойлаймын", - деді Рамазан Амантай.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұйқым келмейді" әні биылғы жылдың жазында желіге таралып, көпшілік арасында талай пікірталас тудырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001655-uiqym-kelmeidi-aninin-avtory-qazaqsa-bilmeitinin-paidalanyp-satyp-ziberdim-video/

pixel