Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін алғаны рас па": Жас келіннің бетін ашқан Жазира Байырбекова ел арасындағы қауесетке жауап берді (видео)

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Күні кеше әлеуметтік желіде Жазира Байырбекова жас келіннің бетін ашқан болатын. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншіні келін түсірді деп топшылаған. Алайда әнші бүгін Instagram желісінде ел арасында тараған қауесетке нүкте қойып, ұлының әлі үйленбегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, бұл видео түсірілім үзіндісі екен.

"Біздің отбасымызға "келін түсті” деп, жаудырып жатқан тілектеріңізге көп рахмет. Бізге не тілесеңіздер, өздеріңізге еселеп қайтсын. Бірақ Қазбек әлі үйленген жоқ. Кешегі көрініс түсірілімнен үзінді ғой", - деп жазды Жазира Байырбекова.

Ал желі қолданушылары жақсы тілектің артығы болмайтынын айтып, тәрбиелі келін түсіруге тілектестік білдірген.

"Инабатты келін бұйырсын", "Немере, шөбере сүйіңіз", "Келініңіз қазақи, ибалы келін болсын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше отандық әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде жас келіннің бетін ашып, оқырмандардың сансыз сұрағының астында қалған болатын. Желі қолданушылары жұлдызды жұптың үлкен ұлы шаңыраққа келіншек алып келді деп жорамалдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001675-kelin-algany-ras-pa-zas-kelinnin-betin-asqan-zazira-baiyrbekova-el-arasyndagy-qauesetke-zauap-berdi-video/