Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Сая Оразғалиева үшінші сәбиін өмірге әкелді

Опубликовано:

Сая Оразғалиева отбасымен
Сая Оразғалиева отбасымен. Фото: instagram.com/saya_orazgaliyeva

Актриса Сая Оразғалиева үшінші сәбиін өмірге әкелді. Үш ұлдың анасы атанған әртіс бұл жайлы Instagram парақшасында жариялап, құттықтаған көпшілікке алғыс айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"14 желтоқсан күні ұлымыз өмірге келді. Отбасымызға қош келдің, балам. Біз сені асыға күттік.

Бүгін Имран інісімен танысты. Әзірге кімнің баласыы екенін түсіне қоймады. Маған Имран бірден есейіп кеткендей көрінді. Өмірімнің қызыққа толы жаңа кезеңі басталды. Мен үш ұлдың анасы атандым. Барлық құттықтау, тілектеріңізге алғы білдіремін", - деді актриса.

Желі қолданушылары ана атанған Оразғалиеваны құттықтап, тілектерін білдірді. Актрисаны құттықтағандар арасында Рано Умарова, Айдай Исаева, Жәния Джуринская да құттықтаған.

"Бауы берік болсын", "Мүлде босанған анаға ұқсамайсыз", "Құттықтаймыз", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001738-aktrisa-saya-orazgalieva-usinsi-sabiin-omirge-alyp-keldi/

pixel